Отырысқа қатысушылар көпұлтты аймақта ана тілдерін үйренумен байланысты проблемаларды, мемлекеттік тілді үйретудің жолдарын талқылады. Сөз сөйлегендер, облыста көпұлттық диаспораның барлық тілдерін дамытуға жағдай жасалып отырғанын және жастардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ықыластарының арта түскенін атап көрсетті.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов этномәдени орталықтардың жетекшілерін мемлекеттік тілді үйрету ісін алдағы уақытта да бірлесіп атқаруға үндеді. Ол орталықтардың кітапханаларына орыс-қазақ тілашарының бірнеше данасын тарту етті.