«Сот-медициналық сараптамасының алдын ала қорытындысына сәйкес, науқас өлімінің тікелей себебі – жүрек талмасы (жедел миокард инфарктісі). Анафилактикалық шок диагнозы расталған жоқ.
Сонымен қатар, пациентке жедел жәрдемнің 5 минутта жеткенін атап өткіміз келеді. Өкінішке қарай, команда келген сәтте науқастан өмір белгілері байқалмады. Тыныс алуы тоқтаған, тамыр соқпай тұрды. Дегенмен реанимациялық шаралар жүргізілді. Алайда, одан нәтиже болмады», - деп мәлім етті басқармадан тілші сауалына орай.
Еске салайық, 27 қаңтар күні түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болған еді. Ол 46 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Алдын ала диагнозы бойынша марқұмның өліміне «анафилактикалық шок» себеп болғаны айтылған болатын.