«Д» атты азаматтың оның кәмелетке толмаған баласына «марихуана» есірткілік затын сатайын деп жүргендігі туралы арыз жазып кетеді, деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Сол күні полиция қызметкерлері «А»-ға хаттамаға тігілген сериялық нөмірі бар 2000 (екі мың) теңгені қолына ұстатып, «Д»-дан есірткілік зат сатып алуға жібереді де, өздері сыртынан бақылап отырады.
Қызық осы кештен басталады, қазанның 14-де шамамен кешкі сағат 19.00-19.30 уақыт аралығында екі жігіт Ақтау қаласының 3-ші шағынауданында кездесіп, сол жерде «Д» «А»-ға есірткілік зат сатпақшы болады.
Көп уақыт өтпей әлгі «Д» келіскен орынға келеді де, бірден есірткі сату басталады.
Осы мезетте, қызу сауда жүріп жатқан жерге ІІД тергеу басқармасының қызметкерлері килігеді, есірткі затын сатып тұрған «Д» қашуға ұмтылып қана қоймай, полиция қызметкерлеріне бой ұсынбаушылық әрекетке барады, дегенмен тәртіп сақшылары қылмыскерді құрықтайды.
Ал, қылмыскер болса бұл мезетте қалтасындағы есірткілік затын жерге лақтырып үлгерген екен, лақтырылған жасыл түсті өсімдік зат жерден топырақпен бірге алынып тәркіленді, бірақ сериялық нөмірі бар 2000 теңгені «Д» өз еркімен полиция қызметкерлеріне береді, демек қылмыскер «А»-ға марихуананы сатып үлгергендігі тәртіп сақшыларына белгілі боды.
Сонымен, қазанның 14 күні наркологиялық сарапшылардың қорытындысы бойынша қылмыскерден жалпы салмағы3,9122 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Осылайша, анасының арқасында бір кәмелетке толмаған жасөспірім есірткіден аман қалса, ал тағы бір қоғамға қауіпті адам жолынан кесілді.