Сенатор Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Біләловпен бірге «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі облыстық филиалының жұмысына қатысып, Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» мақаласын талқылады.
Сондай-ақ Шал-ақын ауданында А.Башмаков «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында депутаттармен және жергілікті активпен, Есіл ауданында агарлық колледждің оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Петропавл қаласында сенатор екінші дүниіжүзілік соғыстың және еңбек ардагерлерлерімен, қала шағын аудандарының тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық саласының көкейкесті мәселелері бойынша әңгімелесті.
Ресей Федерациясының Омбы қаласында жұмыс сапары барысында А.Башмаков Қазақстан Республикасының консульдығында болып, Қазақ ұлттық мәдени орталығының активімен кездесті. Шекаралық аймақтың ынтымақтастығы, гуманитарлық және мәдени сала бойынша іс-қимыл мәселелері талқыланып, қазақ автономиясының мүшелері көтерген мәселелер тыңдалды. Атап айтқанда, бұл мәселелер Омбы-Қарағанды бағыты бойынша жолаушылар поезының қозғалысын, Омбы-Көкшетау теміржолы мен жолаушылар поезының қозғалысын, сондай-ақ Астана-Омбы бағыты бойынша жолаушылардың әуе қатынасын қалпына келтіруге қатысты болды.