Андар Шоқпытов 1958 жылы туған, білімі жоғары - Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған, мамандығы - инженер-жүйе технигі, экономика ғылымдарының докторы. Институтты бітіргеннен кейін 1981-1991 жылдары ҚКСР Мемлекеттік Жоспарлау басқармасы күрылымының жоспарлануы мен жетілдірілуі үрдісін автоматтандыру ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкерден бастап, институттың ғылыми хатшысына дейінгі әр түрлі кызметтерді істеген.
1991 жылдың қыркүйек айынан 1994 жылдың қараша айына дейін ҚР Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинеті экономика бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, ҚР-сының экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президентінің көмекшісі болып жұмыс істейді. 1994 жылдың қарашасынан 1997 жылдың мамырына дейін Мемлекеттік меншікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды. 1997 жылдың мамырынан 1998 жылға дейін «Кәсіпорындарды кайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» акционерлік қоғамының президенті болып, кауқарсыз кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы мен оларды оңалту мәселелерімен айналысады. 1998-1999 жылдары ҚР-ның энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік пен жекешелендіру жөніндегі департаменті директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарады. 1999 жылдың мамырынан 2000 жылдың желтоқсанына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде аумақтарды дамыту бөлімінің меңгерушісі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі жетекшісінің орынбасары болып жұмыс істейді. 2000 жылдың желтоқсанынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Табиғи ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау министрі қызметін аткарады.
2002 жылдың 10 казанында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалады.Сондай-ақ, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2003 жылдың наурыз айында (өз жұмысына қосымша) ҚР-сының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Ал 2007 жылдың қазан айынан бері «Батыс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып қызмет етті.