Алматылық клубтың құрамында Аршавин 36 матч өткізіп, 11 гол салды.
Еске сала кетейік, ол «Қайрат» клубына 2016 жылы наурыз айында ресейлік «Кубань» командасынан ауысып келді. «Қайрат» сапында өткізген маусымда оның командасы Қазақстан премьер лигасында 2-орынды иеленді.
Жақында Аршавин «Қайрат» клубында оған барлығы ұнайтындығын жеткізген еді.