Анголада жол-көлік оқиғасының салдарынан 30-дан астам адам қаза тапты

АСТАНА.  Қарашаның   13-і.  ҚазАқпарат -  Анголаның  32   тұрғыны - негізінен  әйелдер мен   балалар  -    өздері мініп  келе жатқан  жүк  көлігінің  аударылуы  салдарынан   қаза  тапты.    Оқиға салдарынан 42  адам жараланды,

деп   хабарлады  ВВС  телекомпаниясының     Орыс  қызметі.

Осыдан  біраз  уақыт бұрын Анголадан конголездықтардың     депортациялануына   жауап ретінде    Конго     өкіметі   де    мыңдаған анголалықтарды   ел аумағынан   шығара  бастаған   болатын.   Екі елдің арасындағы өзара депортация     қазан  айында аяқталған, бірақ   анголалықтар      әлі күнге  дейін   Конгодан       оралып  жатыр.  Анголалықтардың  осындай  бір  тобы      апатқа ұшырап  отыр.