Анналена Бербок БҰҰ Бас Ассамблеясының басшысы болып сайланды
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Анналена Бербок жаңа халықаралық қызметке ие болды – ол БҰҰ Бас Ассамблеясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды BILD.
Дауыс беру бүгін түстен кейін өтті. Бербокты 167 ел – Бас Ассамблея мүшелерінің басым көпшілігі қолдады.
Анналена Бербок бұл лауазымға жалғыз үміткер болды. Ол аталған ел өкілдеріне сенім білдіргені үшін алғыс айтты.
БҰҰ Бас Ассамблеясының басшысы отырыстарға төрағалық етеді, органның жұмысын үйлестіреді, процедуралардың сақталуын қамтамасыз етеді және халықаралық аренада Ассамблея атынан өкілдік етеді. Ол негізінен өкілдік және ұйымдастырушылық функцияларды орындай отырып, саяси шешімдер қабылдамайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Al Jazeera телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында Біріккен Ұлттар ұйымын реформалауға қатысты пайымымен бөліскен еді.