деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қысқы Азия ойындарына дайындық барысымен танысу үшін Астанаға арнайы атбасын тіреген Азия Олимпиадалық кеңесі Үйлестіру комитетінің шетелдік делегаттары, елордада азиядалық ойындардың жекелеген түрлерін өткізу жоспарланған - 8 мың орынға арналған «Республикалық велотректі», 10 мың орындық «Коньки тебу стадионын», 4500 орындық «Қазақстан» спорт кешенін аралап көрді. Шетелдік делегаттар сондай-ақ үстіміздегі жылы ашылған 30 мың көрерменге лайықталған «Жабық стадионда» болып, оның құрылымымен танысты.
«Бүгінде барлық бағдарламалар бекітілді. Азия ойындары үшін салына бастаған нысандардың барлығы ойындарға қатыстырылатындығы да расталды. Бүгін Астанада өткен АОК Үйлестіру комитетінің отырысынан кейін ұйымдастыру комитеті қарқынды қадамдармен жұмыс істейтін болады», - деді В.Джижонг журналистерге берген сұхбатында.
«Коньки тебу стадионына» жеке тоқталған В.Джижонг, қысқы ойындар үшін салынып жатқан бұл нысан әмбебап екендігін және оны ойындардың тек қысқы түрлері үшін ғана емес, сондай-ақ Қазақстан чемпионаттарының барлық жазғы ойындарында қолдануға болатындығын атап өтті.
«Азия ойындары үшін бұл нысан тек 10 күнге ғана керек, ал қазақстандықтар үшін - өмір бойы. Азия үшін Астана қысқы спорт ойындарының орталығына айналуда. Олимпиадалық ойындардың да орталығына айналуы ғажап емес», - деді ол.