Ұшақ құлаған ауданға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, Қарағанды және Жамбыл облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқару бөлімшелері және Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді.
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орнының күшімен жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде сағат 17.01-де құлаған ұшақ кен орнынан 20 шақырым жерде анықталған болатын. Ұшақтың құлауынан экипаждың 3 мүшесі, сондай-ақ 3 жолаушы қаза болды. Ұшақ құлаған орында тірі қалған бір әйел адам табылды, ол ауруханаға жеткізілді.