Бұрын хабарланғандай, тікұшақ Алматы облысының Бақбақты ауылының маңына қонды. Куәгерлер оның шаңғылары жерге тиген соң айнала бастағанын, одан кейін тікұшақ «бүйіріне жантая құлағанын» айтты. Әуе кемесі коммерциялық ұшуға шыққан еді.
Тікұшақ қонған жерге құқық қорғау органдары мен Балқаш аудандық әкімдігінің қызметкерлерінен құрылған іздеу тобы шұғыл түрде аттанып кетті.