Ара шаққан поляк табыттың ішінде есін жиды

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат - Польшаның оңтүстігінде орналасқан Катовице қаласының қарт тұрғыны жаңсақтықпен өлді деп саналады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Ер адам өзін табытқа салғанда есін бір-ақ жинайды.

Жасы 76-дағы Йозеф Гузи (Jozef Guzy) омарташылықпен айналысқан. Аралар шаққаннан кейін оның жүрек талмасы ұстайды, одан кейін есінен танып қалады. Дәрігер Гузидің жаны шығып кеткенін мәлімдейді және денені ақжаймамен жабады.

Дәрігер келіп-кеткен үш сағаттан кейін жерлеу бюросының өкілдері келеді. Олар ер адамды табытқа салып, қақпағын жабады және мәйітханаға апарады. Алайда бірнеше сағаттан кейін есін жиған Йозеф Гузи көмекке шақырып, табыттың қақпағын жұдырықтай бастайды. Бюро қызметкерлерінің бірі оның дауысын естіп, табыттың қақпағын ашады.