Араб мемлекеттерінің басшылары «Иерусалимді құтқару жөніндегі іс-қимылдардың жоспарын» қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат - Араб мемлекеттері лигасының мүшелері Ливияның Сирт қаласында болған жыл сайынғы саммитте «Иерусалимді құтқару жөніндегі іс-қимылдардың жоспарын» қабылдады.

Бұл жоспар бойынша, Иерусалимде тұрып жатқан палестиналықтарға 500 миллион доллар бөлу мәселесі қарастырылған, деп хабарлайды KUNA.

Құжатты қабылдаған мемлекеттер сондай-ақ барлық халықаралық ұйымдарды Шығыс Иерусалимді өзінің заңды жері ретінде тану туралы Израильдің әрекеттерін мойындамауға үндеуде. Лига мүшелері БҰҰ-ның Халықаралық сотын қаладағы изриальдік акцияларды тексеруді бастауға шақырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Иерусалимде тағы 1,6 мың үй салу туралы Израильдің жоспары наурыздың 10-ында жария етілген болған. Ал палестиналықтар қаладағы еврей қоныстарының құрылысын тоқтату - Таяу Шығыстағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу проблемасы бойынша келіссөзді жандандырудың басты шарты ретінде атап отыр.

Араб мемлекеттерінің лиғасы 21 елдің және Палестинаны азат ету ұйымының басып біріктіріп отырған халықаралық ұйым.