ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 1981 жылғы Георгий Кабанченко ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігімен (кісі өлтіру) айыпты деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтеуге сотталды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Зеленов ауданы Дариян ауылында тұратын Г.Кабанченко мас күйінде Елена есімді туған апасының үйіне барып, арақ сұраған. Соны бермегені үшін асүй пышағымен кеуде тұсынан бір рет соққы жасаған. Әйел сол жерде жан тапсырған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).