10:24, 19 Қаңтар 2009
Арал қаласында сыра зауыты пайдалануға берілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Арал қаласында шағын сыра зауыты өз өнімдерін тұтынушыларға ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кәсіпкер Аралбай Қозбақовтың бастамасымен ашылған зауыт чех қондырғыларымен жабдықталған. Сыраға құнарлы дәнді дақылдар қоспасы пайдаланылады.