деп мәлім етті кеше Мәскеуде Арал теңізіне жасалған экспедицияның қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Ресей Ғылым академиясы Мұхиттану институты директорының орынбасары Петр Завьялов.
П.Завьялов атап көрсеткендей, институт 2002 жылдан бастап теңізге 10 экспедиция ұйымдастырған, зерттеу жұмыстары Арал теңізінің оңтүстігі бөлігінде жүргізілген. Ғалымдардың түйіндері көңіл көншітпей отыр. Олардың айтуынша, Аралда балық популяцияларының жойылумен қатар, теңіздің химиялық құрылымы да өзгеріп жатыр, яғни судағы тұз бен күкірттің деңгейі көтерілуде. Оған қоса, жағалау аумақтарында тұз және гипс шөгінділері түзіліп, жел оларды 500-600 шақырым қашықтыққа ұшыруда, бұл жайт та аймақтағы экологиялық ахуалды ушықтырып отыр.
«Аралдың таяздануы жалғаса береді және модельдік есептеулер бойынша, оның жылдамдығы 50 жыл бойына жылына 0,5-1 метрді құрайды, одан кейін теңіз жерасты немесе сарқын су ағындарымен толығып отыратын ащы сулы қалдық тоғанға айналады», - дейді Мұхиттану институтының басшысы.
П.Завьяловтың айтуынша, Қазақстан 17 шақырымдық бөгет тұрғызу жолымен Кіші Аралды қалпына келтіру жөніндегі оңтайлы шаралар кешенін жүргізуде. Бұл игі шара теңіздің флорасы мен фаунасын шамалы болса да қалпына келтіруге, балық шаруашылығын жандандыруға, соның нәтижесінде жағалаудағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.
Ғалымдар сондай-ақ, Мәскеу мэрі Юрий Лужков қолдап отырған Ертіс пен Обь суларының бір бөлігін бұру туралы жобаның да Аралды құтқаруға көмектесе алатынын атап көрсетті. «Менің ойымша, бұл жоба назар аударуға тұрарлық, әрине егжей-тегжей және жан-жақты зерттеулер жүргізу керек. Бірақ та осы жоба аймаққа көмектесіп, Ресейге де экономикалық пайда әкелер еді», дейді П.Завьялов.