Аралтөбеде азық-түлік дүкені мен наубайхана ашылды

ОРАЛ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданы Аралтөбе ауылында «Тәтті» азық-түлік дүкені мен наубайхана ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аудан әкімі Ерлан Нысанғалиевтің атап өткеніндей, Елбасы Жолдауына орай азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіле беретін болады. Бұл ? сонымен қатар ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың бір жолы. Дүкенді ашқан кәсіпкер Гүлмира Оразғалиева ауыл адамдарына, жергілікті мектепке демеушілік көрсетіп, қолұшын созудан еш аянған емес. Наубайханада ( иесі Майжан Мәтжанова ) наннан басқа тәтті тағамдар пісірілетін болады. Екі нысанда да сатылатын тауарлар бағасы да жергілікті жұртшылыққа қолайлы болмақ.