Мәжіліске үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, бизнес, мәдениет, БАҚ өкілдері қатысып, өз ойларымен бөлісті. Басқарма бастығы Гүлжанар Шөкееваның айтуынша, «бүгін алғашқы қадамын бастап отырған жоба әйелдердің мемлекеттік және қоғамдық-саяси жұмысқа үздіксіз ұмтылу үдерісіне дем беруші тетіктердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, облыстағы әйелдер бірлестігінің бірігуі, олардың бастамаларының, ұрпақтар сабақтастығының, отбасы мәртебесінің нығаюының, ана болу маңыздылығының артуы, бала құқықтарын қорғау, дәстүрлі, адамгершілік және рухани құндылықтарды қайта жаңғырту мәселелері мектептің басты міндеттері болып табылмақ». Келешекте мектеп қоғам мен мемлекеттің көкейтесті мәселелерін шешуге бағытталған жасампаз идеялар мен жобалардың қуат көзіне айналмақ. Мәжіліске қатысқан «Қазақстан кәсіпкер әйелдер одағы» қоғамдық ұйымының төрайымы Меруерт Қазбекова қадамдарына сәттілік тілеп, әйелдер мектебінің құрылуының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, оның әрі қарай дамуына тілектестігін білдірді.
20:00, 25 Қаңтар 2011
«Арай» әйелдер көшбасшылығы мектебінің алғашқы мәжілісі өтті - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан ашылған «Арай» әйелдер көшбасшылығы мектебінің алғашқы мәжілісі ұйымдастыру мәселесі мен алдағы атқарылар міндеттерге арналды.