Әрбір тапсырма орындалуымен құнды - БҚО әкімі аппаратының басшысы А.Дәулетжанов

ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімдігі күнделікті жұмыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Рес­публикасы Үкіметі мен Премьер-Министрі Кеңсесінің актілерінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актіле­рінің, сондай-ақ орталық министрліктер мен ведом­ство­лар басшыларының тапсырмалары бар құжаттар­дың дер мерзімінде және тиісті дәрежеде орындалуын ұйымдастыруға баса назар аударып келеді.

Осыған орай атқарылып отырған жұмыстарды БҚО әкімі аппаратының басшысы Аманкелді Дәулетжанов былайша әңгімелеп берді.

«Қызметті жүзеге асыру барысында ҚР «Әкім­шілік рәсімдер ту­ра­лы» Заңын, Қазақстан Рес­пуб­­ликасы Президентінің Акті­лер мен тапсырмалардың орын­да­луын бақылауды жүзеге асы­ру ережесін бекіту туралы Жар­лығын, сондай-ақ Қазақстан Рес­публикасының басқа да заңна­малық актілерін және облыс әкімдігінің регламентін басшы­лыққа аламыз», - деді ол.

Облыс әкімдігі 2011 жылы Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тап­сырмалары мазмұндалған 1081 құжатты бақылауға алды, оның ішінде 990-ы уақтылы орын­далды. Қалған 91 құжат орындалу сатысында. Кешікті­ріліп орындалған тапсырма жоқ.

Тапсырмалардың барлығы са­­палы және уақтылы орындалды.

Жоғарыда аталған жұмыс нәтижелері облыс әкімі аппаратының жоғары тұрған орган­дардың актілері мен тапсырмаларын, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау кезінде тиімді және жемісті жұмыс жасағандығын дәлелдейді.

Облыс әкімінің аппараты жыл сайын облыс әкімі мен оның орынбасарларының қаты­суы­мен
бақылау және атқарушылық тәр­тіптің сапасын арттыру жө­нінде аппараттық кеңестер мен семинарлар, соның ішінде аудан­дарда көшпелі кеңестер өт­кізіп келеді. Атап айтқанда, өткен жылы барлық аудандарда үздік ауылдар мен ауылдық округтер негізінде семинар-кеңес өткізілді.

Әкімдік қызметкерлерінің жұ­мыс істеу стилі мен әдістерін же­тілдіру, атқарушылық тәртіпті одан әрі жақсарту, өзекті мәсе­лелерді тез арада шешуді ұйымдастыру, халыққа құқықтық және әдістемелік көмек бе­ру мақсатында аудандар мен Орал қаласының барлық округтерінде Әкім күні өткізіледі. 2010-2011 жылдары өткізілген Әкім күндерін талдау, бұл іс-шараның жергілікті билікті ха­лықпен жақындастыра түсуге ық­пал ететінін көрсетіп берді. Мұндай тәжірибе алмасу тү­рі күнделікті қызметті жүзеге асыру барысында нормативтік-құ­қықтық және әдістемелік негіздерді нығайтуда айтарлықтай ынталандыру бола білді.

Атқарушылық тәртіптің кепілі жүйелі бақылау болып табылады.

Облыс әкімінің аппараты жо­ға­ры тұрған органдардың тапсыр­маларының уақтылы және сапалы орындалуын ұдайы ба­қы­лауға алады.

Облыс әкімі аппаратында әр бейсенбі Бақылау күні болып белгіленген. Бұл күні бақылаудағы құжат­тардың орындалуы туралы алдын ала талдау жасалады. Бақылау күні әр қызметкер «Lotus Notes» электронды деректер қорында жұмыс істеп, бақылау құжаттары және орын­далған құжаттар бойынша кар­точкаларды толтырады, ба­қы­­­лау секторы осының негізінде тапсырмалардың орындалуы жөнінде қорытындылар шығарады немесе анықталған кемшіліктерді жою туралы қо­сым­ша шаралар алу жөнінде ұсын­балар береді. Бақылау құжатын орындау мерзімі аяқталуға 10 күн қал­ғанда орындаушыға еске салу жолданады.

Сапасыз орындалған құжат­тар бойынша анықтама облыс әкімі аппараты жанынан арнайы құрылған атқарушылық тәртіпті нығайту жөніндегі комиссияға же­дел шаралар алу үшін ұсы­нылады. 

Жыл сайын атқарушылық тәр­тіп туралы мәселе облыс әкімі немесе оның орынбасарлары деңгейінде қаралып, тиісті шаралар алынып тұрады.

Бақылау жөніндегі жұмыс­тар­ды одан әрі жетілдіру, осы бағыттағы жұмыстарды жақ­сар­­ту мақсатында облыс­тық басқармалар мен департа­мент­тер­дің бақылау жұмысына жауапты тұлға­лары облыс әкімі ап­параты­ның ұйымдастыру-бақы­лау жұмыстары бөлімінде тағ­ылымдамадан өтеді.

Облыс әкімі аппаратының ма­мандары облыстық басқармалардың, аудандар мен Орал
қаласы әкімдері аппарат­тары­ның мамандарына практи­ка­лық және әдістемелік көмек көр­се­тіп, атқарушылық тәртіптің сақталуына тексеру жүргізеді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша аппа­рат­тық оқу өткізіліп, облыстық бас­қармалар мен әкімдіктерде анықталған кемшіліктерді жою жөнінде тапсырмалар беріледі.

Бақылау қызметінің ма­ңыз­ды бағыттарының бірі азаматтардың арыз-өтініштерімен жұ­мыс болып табылады.

2011 жылы облыс әкімі аппаратына 2829 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түс­ті. Орал қаласы, Зеленов, Бөр­лі және Қаратөбе аудандары тұрғындарынан келіп түскен хат­тар мен өтініштер саны өсіп отыр.

«Айта кету керек, бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды, себебі олар өздерін толған­дырған проблемаларды билік органдары әділ шешеді деп үміт­тенеді. Сондықтан біз хат  иесіне көмек қолын созуға, мәселені оңды шешу мүмкін болмаған жағдайда қолданыс­тағы заң­намаға сәйкес түсінік беруге не­месе проблеманы шешудің бас­қа да жолдарын ұсынуға тырысамыз.

Облыс әкімінің аппараты ба­қылау жүйесін, электрондық құ­жат айналымы жүйесін жаңарту және жетілдіру, атқарушылық тәртіпті нығайту жөніндегі шаралар алуды жалғастыратын болады», деп түйіндеді ойын А.Дәулетжанов.