Бұл күні 30-дан астам ардагер волейбол алаңында жарысып, шахмат, үстел үстіндегі теннис және мергендікте бар шеберлігін танытты.
«Қатысушылардың ешқайсысы жүлдесіз кеткен жоқ. Жарыстар достық атмосферасында өтті», - деп хабарлады Германияда әскери қызмет атқарған ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Самат Сүйінғарин.