Аргентина диктаторын 25 жылға бас бостандығынан айырды

АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - Аргентина соты ең соңғы әскери диктатор, елді 1982-83 жылдары басқарған Рейнальдо Биньонені адамгершілікке қарсы жасаған қылмысы үшін 25 жылға соттады, деп хабарлайды сәрсенбі күні Infobae жергілікті ғаламтор-басылымы. 82 жасар Биньоне және 6 қызметтен кеткен әскерилер мен полиция қызметкерлеріне қарсы сот үдерісі 2009 жылдың қарашасында Буэнос-Айресте басталған.

РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, Биньонге және оның бұрынғы серіктеріне тағылып отырған айыптың басты пункті әскери хунта жылдары (1976-1983) құпия түрмелер орналасқан Аргентина астанасының маңындағы Кампо-де Майо әскери базасында адам құқығының бұзылғандығы болып отыр.

Іске қатысты алты әскеридің екеуі генерал Биньоне сияқты 25 жылға түрмеге жабылса, үшеуін сот 20,18 және 17 жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушылардың біреуі - экс-полицей Херман Монтенегро сотта ақталып шықты.