Аргентинада болған су тасқынынан бес адам мерт болды және 12 мың адам көшірілді

АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Аргентинаның солтүстік-шығысында болған нөсерден және су тасқынынан кемі бес адам мерт болды және 12 мың адам көшірілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Су тасқыны құрбандарының ішіндегілердің үшеуі - балалар. Ондаған адамдар ауруханаға жатқызылды. Чако және Энтре-Риос провинциялары қатты зардап шекті, олардың әкімшілік орталықтары толықтай су астында қалды.