Арқалықта 117 тұрғын үйді сүріп тастайды

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінде Арқалық қаласында бос әрі тұруға келмейтін үйлер көп. Оның бәрін сүріп тастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов мәлім етті.

Әкім атап көрсеткендей, бүгінде Арқалық қаласында қаңырап тұрған үйлер көп. Оның барлығы бос әрі тұруға келмейді. «Бұл қаланың өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Ондай үйлердің саны - 117. Оған қоса, тұрғын-үйге жатпайтын 39 ғимарат бар. Биыл осы санаттағы ғимараттарды сүріп тастауға Үкімет тарапынан 100 млн. теңге бөлінген болатын. Бүгінде 17 үйді бұзылды. Алдағы екі жылдың ішінде біз бұл мәселе барынша шешуге тырысамыз», - дейді облыс әкімі.

Айта кетейік, Қостанай облысының үш қаласы моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасына енді. Оның ішінде Арқалық та бар.