Бұл туралы мәлімдеген ғалымдар мұздың еруі 2013 жылғы салқын жаздың салдарынан бәсеңдегенін айтты. Ал оған дейін Жер бетінің ең суық бөлігінде мұз қатарынан 3 жыл бойы еріген екен. Мамандардың айтуынша, соңғы 30 жылда Арктикада ауа температурасы ғаламшардың өзге жерлеріне қарағанда жоғарырақ көтеріліп, мұз қабаты 40%-ға кеміген. Енді ғалымдарды теңіздегі мұздың азаюы толғандыруда, деп жазады informing.ru.