Арман Оразәлиев БҚО полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен полиция полковнигі Арман Оразәлиев БҚО полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: gov.kz
Облыс активіне және полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-лейтенанты Марат Қожаев таныстырды.
Арман Молдиярұлы Оразәлиев 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында және Қазақстан Республикасы ІІМ-де жедел қызмет саласында түрлі басшылық қызмет атқарды.
Павлодар және Жамбыл облыстарында полиция департаментінің бастығы болды.
Осыған дейін ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқарды.
Айта кетейік, БҚО полиция департаментін жеті жылға жуық басқарған Махсұдхан Аблазимов Қызылорда облысына дәл осындай қызметке ауысты.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).