Атырау облысына тағайындалғанға дейін А.Жалмұхамедов көршілес Батыс Қазақстан облысының ІІД-не басшылық еткен.
Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР ІІМ министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков таныстырды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сәрсенбі күні Атырау облысының әкімі ауысты. Бергей Рысқалиевтің орнына бұл қызметке Бақтықожа Ізмұхамбетов тағайындалды.
Бейресми ақпарат бойынша, жақын күндері басқа да күш құрылымдары бастықтарының ауысуы күтілуде.