АрМи-2019: Қазақстандықтар бірінші орынға ие болды

Фото: None
АЛМАТЫ-ОТАР. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының «Отар» 40-шы әскери базасында өткен Армия халықаралық ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 13 елі қатысқан додада Қазақстан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отар» 40-шы базааумағында әскери ойындар 7-15 тамыз аралығында өтті. Қатысушылар «Пилотсыз ұшатынаппарат ұшыру», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сенімді қабылдау» аттысайыста бақ сынады. Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Мысыр,Иран, Қырғызстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай әскериқызметшілері өздерінің шеберліктерін көрсетті.


Қазақстан Қарулы күштерініңкомандасы барлық үш жарыста үздік атынып, алтын медальдарға ие болды. Сонымен,«Сенімді қабылдау» әскери байланысшылар байқауында Қазақстан командасы жеңімпазатанды, екінші орынды Ресей мен Қытай, үшінші орынды Беларусь жеңіп алды.


Сондай-ақ, сайыстажоғары кәсіби шеберлік көрсеткен бірқатар қатысушылар жеке номинациялар бойыншамарапаталды. Қазақстан құрамасының әскери қызметшісі сержант НұрболАлдабергенов үздік радиотелеграфист атанды. Біздің топтың тағы бір өкілі, кішісержант Дидар Сейсебаев ең жақсы спринтер және радио бағытындағы ең жақсы маманатанды. Беларусь құрамасының аға лейтенанты Евгений Бриль жарыстың үздікмергені деп танылды. Радио бағдарламаларын таратудағы үздік радиотелеграф -Қытайдан келген кіші сержант Хуанг Шэнге бұйырды.


Пилотсыз ұшатынаппарат ұшыру бойынша Қазақстан бірінші орынға ие болды. Ұшу жылдамдығындағыжаттығулар нәтижесі бойынша команда қарсыластарынан озып кетті және маршруттыңбақылау нүктелерінен өту барысында ең жақсы уақытты көрсетті. Екінші орындыРесей мен Беларусь, үшінші орынды Иран иеленді

Жеке жарыстапилотсыз ұшақ ұшыру бойынша үздік оператор атағы ирандық капитан МохамадДехганға берілді. Беларусь елінен келген аға лейтенант Владислав Ростовскийүздік мерген атанды. Ресей капитаны Дмитрий Посевин пилотсыз ұшатын аппарат ұшырудыңүздік технигі атағын иеленді.

Әскери ойындардыңең айшықты жарыстарының бірі - «Артиллериялық оқ ату шеберлері» атағы бойыншақазақстандық сарбаздар алтын медальмен марапатталды, Ресей құрамасы күмісмедальмен, ал Өзбекстан құрамалары қола медальға қол жеткізді.


Қазақстан командасыең мықты миноментші атанды. Қазылар алқасының шешімі бойынша біздің жауынгер -Гайбутдин Абдрахманов үздік деп танылды. Аға сержант Вячеслав Емельянов (Ресей)минометтің ең жақсы командирі, сержант Фарух Одилов (Өзбекстан) үздік механик,ал сержант Хикмет Атакашиев (Әзербайжан) үздік атқыш атағына ие болды.

Айта кетерлігі, Қазақстантөрт жыл қатарынан өз аумағында ойындар өткізіп келеді. Жыл сайын біздің елгехалықаралық деңгейдегі шеберліктерін сынау үшін әртүрлі елдер мен құрлықтағы әскеримамандар келеді.

Аталған үш жарыстанбөлек, біздің әскерлер басқа мемлекеттерде өтетін 13 сайысқа қатысады. Барлығы32 дүбірлі доданың ішінде қазақстандық әскери қызметшілер 16 спорт бойынша бақсынайды.

АрМИ-2019халықаралық әскери ойындары 3 тамызда РФ территориясында «Патриот» көрмекешенінде басталды.


РФ Қарулыкүштерінің бастамасымен басталған халықаралық армия ойындары биыл 5 жылқатарынан өткізіліп жатыр. 5 жылда сайыстардың мазмұны кеңейіп, маңызы артатүсті. 32 сайыс бойынша 39 елден келген 220 әскери команда жарысқа түседі.

Қазақстанжарыстарға ең белсенді қатысушылардың бестігіне кіреді. Сондай-ақ, Армения,Беларусь, Әзербайжан, Үндістанда өтіп жатқан жарыстарға қатысуда.

Еске салайық,«АрМи-2019 » халықаралық армия ойындарының ашылу салтанаты 7 тамызда ҚР Қорғанысминистрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен өтті.



Соңғы жаңалықтар