АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында «Армысың, әз Наурыз!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті.
Осы айтысқа қатысқан батысқазақстандық Жансая Мусинаның хабарлағанындай, Наурыз мерекесіне арналған, кілең «сен тұр, мен атайын» дегендей, дүлдүлдер бақ сынасқан аталмыш жыр додасында жезқазғандық Төлеген Жаманов бас жүлдені жеңіп алды.
Қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан - бірінші, семейлік Әсем Ережеқызы екінші орынды иеленсе, астаналық Айбек Қалиев пен батысқазақстандық Жансая Мусина үшінші орынды бөлісті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).