УЕФА-мен үш жылға жасасқан шарт қазақстандық футбол жанкүйерлеріне Еуропаның үздік футбол клубтарының барынша толық матчтарын тамашалауға мүмкіндік береді. 2009/2010 жылғы футбол маусымының басынан аяғына дейін жанкүйерлер «Ливерпуль», «Арсенал», «Челси», «Реал Мадрид», «Ювентус» және «Милан» сияқты командалардың ойындарын көре алады.
2009 жылғы қыркүйектің 15-інен бастап ұлттық телеарналар көрермендердің назарына «Барселона» және «Манчестер Юнайтед» сияқты даңқты командалардың кездесулерін ұсынатын болады.