АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия полициясы бірқатар елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесе Латын Америкасынан есірткі контрабандасымен айналысатын «Ндрангета» мафиялық ұйымын әшкере етті.
Арнайы операция барысында қара нарықта 500 млн. доллардан астам қаржыға тең кокаин тәркіленді.
Осы қылмыстық топ бойынша тергеу амалдары екі жылға жалғасып, осының нәтижесінде Италия оңтүстігі мен Бразилияда 40-тан астам адам қамауға алынды.
Тыңшылардың арқасында кокаиннің Перу мен Бразилиядан Италияға көліктік кемелер арқылы тасымалданатын бағдарлары анықталды, деп жазады ВВС.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.