Шекарашының төрт аяқты көмекшісі бұл жолы да қателеспепті. Аталмыш азаматтың спорттық күртешесінің қалтасынан 15 грамм «марихуана» есірткісі табылды.
Жалпы, есірткі тасымалының жолын кесуде арнайы үйретілген иттердің көмегі ерекше екендігін атап өткен орынды. Осы өңірлік басқарманың «Семей» бақылау-өткізу бекетінің «Ауыл - теміржол» көліктік шекаралық бақылау бөлімшесінде үстіміздегі жылдың 25 қазаны күні сағат 17.25-те иісшіл ит «Алматы - Новосибирск» бағыты бойынша жүретін № 302 пойыздың әжетханасында тығылған 80 грамм марихуананы тауып қана қоймай, вагоннан сол есірткінің иесін де анықтап берді. Ол 1989 жылы туған Андрей есімді Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.