«The Oil and Gas Year» марапаты Латын Америкасынан Таяу Шығысқа дейін, Африкадан Азияға дейінгі нарықтағы үздік тұлғалар мен оқиғаларды мойындату мақсатында құрылған. Бұл марапат - Қазақстан Республикасының мұнай-газ өндірісін дамытып жүрген компанияларды ерекшелеп, ынталандырудың әдісі.
«Арселор Митталдың» қызметкерлер тобы «Алматы-Байсерке-Талғар» жобасы бойынша үш жыл жұмыс жасады. Еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз. «Арселор Миттал Теміртаумен» тиімді серіктестіктің арқасында осы газ тасымалдау жобасына қазақстандық құбырмен қамтамасыз етуде жұмысты 90 пайызға артық орындадық», - деді "АрселорМиттал Ақтау" компаниясының бас директоры Жеңіс Өтегенов.
«Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының құрылысы Қазақстан мен Орталық Азиядағы бірегей жобаға айналды. Өйткені мұнда бірінші рет магистральды газ құбырын салу үшін Қазақстанда өндірілген құбырлар қолданылды.