Бұл жаңа орталықта ауыл тұрғындары жұмыспен қамту, жұмыссыз азаматтарды тіркеу, жұмыссыз азаматтарға анықтама беру, жұмыспен қамту үшін жолдамалар, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары, көшіруді, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сондай-ақ, шағын несие беру және басқа да қызметтер көрсетеді.
Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін жаңа орталықта электронды кезек, күту залы, консультанттар үшін арнайы жұмыс орындары, конференц-зал орналасқан.
Орталықтарды қайта құру азаматтарға қызмет көрсететін еңбек институттарын құруға мүмкіндік береді. Бұл жеке меншік сектор жұмыссыз азаматтардың кәсіптік бағдарлануына, олардың білімі мен жұмысқа орналасуына үлес қосатындығын білдіреді.