Аршалы ауданында жұмыссыздық деңгейі азайып келеді - Ақмола облысы
Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ауданда жұмыспен қамтылғандардың көрсеткіші 89,9 пайызды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары болды. Ал, биылғы жылдың басынан бері өңірде бірде бір адам жұмыссыз ретінде тіркелмеген көрінеді.
"Өткен жылы 412 адам жұмысқа орналастыру жөнінде көмек сұрап жүгінді. Есесіне 415 жаңа жұмыс орны ашылды (270-і кәсіпкерлік, 132-сі ауыл шарушылығы саласында).
Халықты еңбекпен қамтуда "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мембағдарламасының рөлі зор. Аталған бағдарлама бойынша барлығы 103 жаңа жұмыс орны ашылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 35,3 миллион теңгеге жастар орталығы ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Екінші бағыты бойынша 19 адам өз кәсібін ашу үшін барлығы 53 миллион теңгенің шағын несиесіне қол жеткізді. Осының нәтижесінде 32 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын несие алғандардың арасында 3 топтағы 1 мүгедек те бар.
Ал, үшінші бағыт бойынша 46 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілсе, 24 адам жастар тәжірибесінен өтті. Сондай-ақ, 7 адам қайта даярлықтан өтіп, 3 адам кәсіби білімін шыңдады.
Жалпы, ауданда 214 кәсіпорын бар. Олардың барлығымен ұжымдық келісім-шарт жасалған", - дейді Гүлзада Жекебаева.