Кеше кешкілік қылмыстық алдын алу шаралары барысында жедел топ өкілдері күмән тудырған 1974 жылғы А.есімді жергілікті тұрғынға жүргізген тексеру кезінде күртешесінің қалтасынан жасыл түсті, иісті өсімдік тектес зат табылған.
Зертханалық сараптама шара оның салмағы 76,37 грамм «кептірілген марихуана» екенін анықтады. Қазір күдікті құрықталып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Әзірше күдікті бұл затты өз қажетіне алып отырғандығымен ақталуда.