ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алматыдағы республикалық «Арыс» баспасы (директоры Ғарифолла Әнес) Батыс Қазақстан облысы кітапханаларына 4,5 млн. теңгенің кітаптарын тарту етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Роза Исатаеваның айтуынша, мұның басым көпшілігі ? көркем әдебиеттер. Энциклопедиялық, анықтамалық сипаттағы жинақтар да бар. Бұл кітаптар облыс кітапханаларына таратылып берілмек.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).