деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС сайтына сілтеме жасап.«Нептун» жыл сайын ғалымдарға 50 терабайтқа жуық ақпараттарды жеткізіп тұрады деп күтілуде.
Обсерватория бірнеше бағыттар бойынша зерттеулер жүргізуге арналған. Мысалы, «Нептун» зілзаланы және оның салдарынан туындайтын цунамиді болжамдаумен және зерттеумен айналысады. Сонымен қатар, обсерваторияның көмегімен ғалымдар теңіз жәндіктері мен өсімдіктерін зерттеуді көздеп отыр. «Нептунның» тағы бір міндеті - мұхиттың терең суасты экожүйесіне балық аулаудың әсерін зерттеу.
Сонымен қатар, обсерватория газ гидраттарын - қысым мен температураның белгілі бір қатынастары кезінде түрлі газдардың сумен араласуынан пайда болатын кристалл қосындыларын іздейтін болады. Газ гидраттары түрінде түрлі парникті газдар, мысалы, метан бөлінуі мүмкін. Оларды бір жағынан - энергия көзі ретінде, екінші жағынан қауіпті газдардың атмосфераға ықтимал бөлінуі ретінде қарастыруға болады.
Обсерватория электрлі кәбілдермен байланысқан көптеген ғылыми приборлардан тұрады. Приборлар жинаған ақпараттар тәулігіне 24 сағат бойы іс жүзіндегі режимде интернетке түседі. «Нептун» кемінде 25 жыл жұмыс істейді деп күтілуде. Жобаның құны 100 миллион долларын құрайды.