«Мемелкеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынталандырмайтын субсидиялар мен мемлекеттік шығыстар қаражатын қайта бөлу ұсынылады. Бұлар негізінен мемелкеттік қолдаудың тиімділігін мейлінше арттыра түспек. Бірінші - бұл терең өңдеу өнімдерін шығару үшін ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуға арналған шығындар. Бұл ретте алдағы уақыттары тек қант қызылшасы ғана емес, сүт өнімдерінің кейбір түрлері, жүгері мен дәнді дақылдар түрлері де субсидияланады», - деді А.Мамытбеков.
Екінші субсидиялау бағыты - ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін тыңайтқыштар мен пестицидтерді арзандатуға бағытталған шығыстар. Мұнда қазіргідей гербицидтер ғана емес, фунгицидтер мен инсектицидтерді де субсидиялау көзделеді. Үшінші - асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау, төртіншіден - инвестициялық субсидиялар. Бесінші - кредиттер мен лизингтер бойынша сыйақылар ставкаларын қайтару. Алтыншы - қаржылық сауықтыру мақсатындағы кредиттер мен лизингтер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, ғылыми ұйымдардың қызметі үшін шығыстарды субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру аясындағы субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқаруды қолдау.
«Мұндай мемлекеттік қолдау шаралары тауардың өзіндік құнына ешқандай да әсер етпейді, алайда ауыл шаруашылығы саласын жанама түрде қолдап, дамытады. Соның ішінде, инвестициялық субсидиялар ерекше назар аудартуға тұрады. Біз ендігіде ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға да көңіл бөлетін боламыз.
Шаруалар, фермерлер сатып алған кез-келген техника бюджет есебінен 25-30 пайызға субсидиялануы мүмкін. Яғни, мемелкет есебінен шығынның бір бөлігі бірден өтеледі, бұл оның өзін-өзі ақтау мерзімін қысқартып, рентабельділікті арттырады», - деді министр.