«Ашық аспан саясаты Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуды ілгерілете алмайды. Ашық аспан саясаты не береді? Ол өзінің транзиттк әлеуетін жақсы дамытқан елдердің тасымалдаушыларына Қазақстанның ішкі нарығына еніп, жолаушылар легін өз бағыттарына тартуға мүмкіндік береді», - деді П. Фостер.
Оның айтуынша, Қазақстанда ашық аспан саясатының тиімді жақтарын түсінбеушілік байқалады.
«Бұл жерде Қазақстанды транзиттік пункт ретінде алға ілгерілету бойынша жұмыстар атқару қажет», - дейді «Эйр Астана» басшысы.
Ол өз сөзінде «Эйр Астана» компаниясының биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығындағы шығыны - 66 млн. долларды құрағанын атап өтті.