Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Гүлсара Мерейқызы Арыстанқұлова Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды.
Асқар Сауытбекұлы Әбдірахманов – 1979 жылы Алматы қаласында туған. 2002 жылы «Дүниежүзі тарихы» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.Еңбек жолын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Шығыстану институтында және Тұңғыш Президент Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында ғылыми және оқытушылық жұмыстан бастап, Польша, АҚШ және Францияда тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Кейін ҚР Президенті Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының Хатшылығында жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеп келеді, Халықаралық ақпарат комитетінің басқарма басшысы және төрағасының орынбасары, Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің кеңесшісі лауазымдарын атқарды. 2018-2020 жылдары Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі) болды.
2020-2022 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды.
Париж қаласындағы ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесші-уәкілі болды.
Бірінші сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие.
Ағылшын, поляк және француз тілдерін меңгерген.