Асқар Бейсенбаев Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Асқар Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабаралйды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар АсанұлыБейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше жәнеӨкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қосаатқарушы болып тағайындалды.

Асқар Асанұлы Бейсенбаев 1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындатуған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын (М.Х.Дулатиатындағы Тараз мемлекеттік университеті Технологиялар және ақпараттық жүйелеринституты), Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетінбітірген. 1983-1988 жылдары - Түлкібас консерві зауытының ауысыминженер-технологы, «Ленин жолы» кеңшарының консерві цехының бас технологы,бастығы, ЛКЖО Сайрам аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы. 1988-1994жылдары - Түлкібас консерві зауытының бас инженері, директоры, Түлкібас нантағамдары комбинатыныңдиректоры. 1994-1998 жылдары - президент АО «Көктерек» акционерлік қоғамыныңпрезиденті. 1998-2001 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданыныңәкімі қызметтерін атқарған. 2001-2004 жылдары - Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің екінші шақырылымының депутаты. 2004-2007 жылдары -Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты -Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламентіжанындағы «Отбасы» депутаттық тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламентіжанындағы «Ауыл» депутаттық тобының мүшесі. 2007-2008 жылдары - ҚазақстанРеспубликасы Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымының депутаты - Аграрлықмәселелер комитетінің мүшесі болған.2013 жылдан сенатор. 2013-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатытөрағасының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болды.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар