***
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасы өкілінің өкілдіктерінен босатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесіндегі Қазақстан Республикасының өкілі болып тағайындалсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 7 қазан № 356