Бұл туралы Kazinform ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
А. Мусинов – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған. Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР Елшісі лауазымында болды.
Сонымен қатар, ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. АҚИҰ Бас директор болып тағайындалғанға дейін, 2018 – 2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.