Асқар Жұмағалиев ХҚКО-лардағы қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріАсқар Жұмағалиев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жартыжылдық жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы»КеАҚ басшылығы 2019 жылдың алғашқы жартыжылында атқарған жұмыстарыныңнәтижелері туралы есеп берді. Сонымен қатар, ХҚКО-да қызмет көрсету сапасынарттыру бойынша, оның ішінде құжаттарды ресімдеу және күту кезінде заңбұзушылықтарғажол бермеу шаралары да сөз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ және оның аумақтық бөлімшелерібасшылығының қатысуымен бейнеконференция форматында өткен кеңесте ҚР Цифрлықдаму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Асқар Жұмағалиев кейбір ХҚКО-лардағы үдерістерді тиісті дәрежедеұйымдастырмағаны үшін қызметкерлерге жеке жауапкершілік жүктелетінін айтыпөтті. Сонымен қатар, Министр қызмет көрсету сапасын бақылауды күшейту жәнеұзын-сонар кезектерді болдырмау бойынша шаралар қабылдауды да тапсырды. АсқарЖұмағалиев азаматтарға электрондық үкіметтің Telegram-бот @EgovKzBot (25 қызметқолжетімді) және mGov мобильдік қосымшасы (77 қызмет қолжетімді) арқылықызметтерді алуды үйретудің маңыздылығын бас айтып өтті. Осылармен бірге,аталған қосымшалар арқылы қазақстандықтарға қолжетімді қызметтердің санын оданәрі арттыру қажеттілігі де сөз болды.

«Жергілікті жерлердегі ХҚКО басшыларының міндеті - біріншіден, көрсетілетінқызметті, құжатты күту уақытын барынша азайту және күту залдарын азаматтар үшінжайлы ету; екіншіден, халыққа сапалықызмет көрсету бойынша құзыреттілігі мен дайындығын арттыруға персоналдыынталандыру; үшіншіден, қызметкер ХҚКО-ға келушіні одан әрі қандай да бірқызметті онлайн, яғни өз бетінше алуға үйретуі тиіс. Мен шағымдар менескертулер бойынша ақпаратты тұрақты түрде алып отырамын және барлықөзгерістердің динамикасын жеке бақылайтын боламын», - деп атап өтті АсқарЖұмағалиев.

Кеңес барысында келушілер мен қызметкерлердің жайлылығы үшін ХҚКО-ларды жиһазбен, қажетті ұйымдастырутехникасымен жарақтандыруға, температуралық режимді сақтауға, сондай-ақақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеу мәселелеріне ерекше назар аударутапсырылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Министр мемкорпорация басшылығына салғырттықтанытып, жұмыстарына тиісті деңгейде атқармай отырған аймақтық құрылымдықбөлімшелердің жекелеген басшыларына сөгіс жариялауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар