Жаңа Қылмыстық кодексте әскери борышын өтеуден жалтарғаны үшін жазалау шаралары күшейтілді. Атап айтқанда, заң бұзушыларға ақшалай айыппұл салумен қатар, әскерге шақырудан жүйелі түрде бас тартқан азаматтарды қамауға алу жазасы қарастырылған.
"Әскерден жалтарғандарға 1 мың АЕК немесе 1,8 млн. теңге айыппұл және қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылған. Алайда бiздiң елде бұндай оқиғалар тiркелген емес. Азаматтарымыз заңға мойынсұнады және шақырту түскен жағдайда уақытында келедi", - дедi ол.
Биыл Қорғаныс министрлігінің басшылығы қойған тапсырмаларға сәйкес жергілікті әскери басқару органдары келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді әскери қызмет жауынгерлерінің арақатынасы 80 % де 20% құрайтындығын атады. Өткен жылы бұл арақатынас 70% те 30% құраған болатын.
Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әскерге шақыру науқаны кезінде азаматтарды дәрігерлік куәландыруды қамтамасыз ететін шақыру және медициналық комиссия құрылады.
Естеріңізге сала кетсек, мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес жылына екі мәрте өткізіледі. Биыл әскерге шақыру 1 сәуірден басталады. Жалпы 2015 жылы 29 мыңнан астам ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 4 мыңға жуық азаматтарды әскерге шақыру жоспарлануда, ал қалған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.
Заманауи талаптағы әскерге шақырылудың ерекшелігі - оның ашықтығы. Бұл ең алдымен қоғам өкілдерінің шақыру комиссиясының жұмысына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.