АСТАНА. ҚазАқпарат- Астана 2050 жылға қарай әлемнің ең табысты 10 қаласының қатарына кіруі тиіс. Бұл туралы бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
Елбасы өз сөзінде Қазақстанның алдына бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндетін қойып, оны орындағанын, ендігі уақытта өсіп-өркендеген 30 елдің қатарына кіруге ұмтылатындығын баса айтты.
«Сондықтан Астана алдына 2050 жылға қарай әлемнің табысты 10 қаласының қатарына кіру тапсырмасы жүктеледі. Егер біз осындай тапсырма алдымызға қойсақ, оны шешеміз», - деді Н.Назарбаев.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.