Соңғы екі жыл ішінде Қазақстанға сапарлайтын Үндістандық азаматтардың саны 5 мыннан 11 мың адамға артқан. Осы аталған мерзім ішінде Қазақстаннан Үндістанға келушілер саны 3 есеге артып, 2016 жылы 18 мың адамға жеткен.
Айта кетейік, екі елді жалғап отырған Алматы-Дели-Алматы тікелей әуе бағыты Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени байланыстардың дамуына дәнекер болып келеді.