Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаевтың сөзіне қарағанда, аталған компанияның қызметі көрмені өткізуге байланысты ағымдағы жылы жарғылықты мақсаттарды қалыптастыруға, сондай-ақ дайындық үдерістеріне негізделіп отыр.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде Үкімет жұмысының ұйымдастыру кестесі қалыптастырылды. Вице-премьер Қайрат Келімбетовтің басшылығымен жұмыс істейтін ұйымдастыру комитеті көрмені өткізудің негізгі бағыттары бойынша 8 жұмыс штабын үйлестіретін болады. Белгілі болғанындай, жақын күндері ұлттық консультанттың кеңсесі құрылмақ. Өз кезегінде Астана әкімдігі қала нысандарының дайындығы мен құрылысы бойынша дирекция құрады.
Сонымен қатар «Нұрлы Астана» корпоративті қоры жанындағы ЭКСПО-2017 қолдау қоры жұмысын жалғастырады.