Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, кедендік бақылаудан өткен отандасымыздың қолсөмкесінен жариялауды «ұмытып» кеткен 25300 АҚШ доллары мен 79000 теңгесі шыға келді.
Мемлекеттік шекара сызығының бойында қомақты ақшаны жариялауды «ұмытып» жүрген жолаушыға қатысты материалдарды шекарашылар Астана қаласының мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырды.