Бұл туралы бүгін елордада науқан қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты барысында ведомствоның баспасөз хатшысы Шолпан Көшенова мәлім етті.
Жалпы қала прокуратурасының 166 қызметкері аттестаттауға қатысты. 153 қызметкер немесе 91,6 пайызы атқарып отырған лауазымдарына лайық деп танылды.
«Комиссия 13 қызметкерді немесе 8,4 пайызын атқарып отырған қызметтеріне лайық емес деп шешті. Оның ішінде 10 қызметкер лауазымдарын төмендетуге, 1 қызметкер басқа лауазымға ауыстырылуға, 2 қызметкер прокуратура органынан шығарылуға ұсынылды», - деп атап өтті ол.